06.08.2021, 19:31 35634

Қаржылық мониторинг агенттігі Таразда монополисттің коммуналдық қызметтерге бағаны негізсіз көтеруінің жолын кесті

Бұзушылықтар "Таразэнергоцентр" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында 2,2 млрд теңге жымқыру фактісі бойынша анықталды.
НҰР-СҰЛТАН. 6 ТАМЫЗ - Қаржылық мониторинг агенттігі "Таразэнергоцентр" АҚ-ның басшылығына қатысты жабдықты жөндеуге жалған жұмсалған 2,2 млрд теңгені жымқыру дерегі бойынша жүргізілген тергеп-тексеру шеңберінде "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңын бұзу қосымша деректері анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Акционерлік қоғам 2022-2026 жылдары жылу энергиясы құнының тарифтерін тұрғындарға 2 есеге, бюджеттік ұйымдарға 3,6 есеге және заңды тұлғаларға 3,2 есеге арттырмақ болған. Монополист тарифтердің көтерілуін ЖЭО-4 жабдығын жөндеуге жұмсалған шығындардың ұлғаюымен түсіндірді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Акционерлік қоғамның тарифтерді ұлғайту туралы өтінімін Жамбыл облысы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті қабылдамай, сол арқылы облыс тұтынушыларының шектелмеген тобының құқықтары қорғалып қалды", - деп хабарлады ведомствода.

 
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны