Атырауда 2022 жылдың басында полипропилен өндіретін кәсіпорын ашу жоспарлануда
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚАЗАН - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "СИБУР Холдинг" ЖАҚ басқарма төрағасы Дмитрий Коновпен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның мұнай-газ химиясы өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды – полипропилен және полиэтилен өндірісін бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Атырау қаласындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің базасында 2022 жылдың басында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін бірлескен кәсіпорын ашу жоспарлануда. Алдағы уақытта қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының бірлескен жобасы іске асырылатын болады.
Аталған жобалар бойынша ынтымақтастықтың базалық шарттары бойынша келісімге KAZENERGY XIV Еуразиялық форумы шеңберінде СИБУР, "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ арасында қол қойылды.
А. Мамин мен Д. Конов сондай-ақ Қарашығанақ кен орнында бірлескен мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыру, СИБУР кәсіпорындарында қазақстандық мамандарды даярлау перспективасын және өзара іс-қимылдың басқа да мәселелерін талқылады.
СИБУР – штатында 18 мыңнан астам адам жұмыс істейтін, Шығыс Еуропадағы ең ірі мұнай-газ химиясы холдингі. Жылына 2,5 млн тонна базалық полимер шығаратын ЗапСибНефтехим мұнай-химия кешені құрылысының жобасын жүзеге асырды. Sinopec-пен бірге қуаты жылына 2,7 млн тонна полиэтилен мен полипропиленді құрайтын Амур газ химиясы кешенінің құрылысын жүргізуде.
Кездесуге энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және т. б. қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан мен Ресей АӨК ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдады
Мираторг" АӨХ геномдық селекция орталығында министрге асылдандыру жұмыстарының қолданылатын әдістері туралы айтылды. Олар ДНҚ тізбегін зерттеуге негізделген, бұл ерте жастағы жануарлардың асыл тұқымды құндылығын болжауға мүмкіндік береді, ал дәстүрлі әдістер бірнеше жылға созылуы мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ресейде Қазақстанда АЭС салу үшін технологиялардың әлеуетті жеткізушілерімен бәсекелестік диалогтың қорытынды кезеңі болды
Бүгін біз ядролық энергетика саласындағы әлемдік үздік тәжірибелерді зерттеуге бағытталған жұмыс сапарларымызды аяқтадық. Ленинград АЭС-іне бару қоршаған ортаны қорғау және жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын қамтамасыз ететін технологиялар мен қауіпсіздік шараларымен терең танысуға мүмкіндік берді", - деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қытайға, Вьетнамға және Египетке жаңа рейстер ашылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтап қалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда желтоқсан айында жылдық инфляция 8,6 пайызға дейін жеделдеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішті көрсетті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жаңаөзенде бірегей гибридті электр станциясын салу жобасы жүзеге асырылуда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Иран мен Әзірбайжанға астық жеткізуді қайта бастады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.01.2025, 11:362025 жылғы 26 қаңтардан бастап "Қызылорда-Арал" жолы ақылы болады 22.01.2025, 10:46 13966ҚР Бас прокуратурасы "Семей орманы" өртіне қатысты барлық қылмыстық істің соңғы нүктесін қойды22.01.2025, 10:30 13926Қазақстандағы картоптың бағасы: Сауда министрлігі сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуі бойынша 49 фактісін анықтады22.01.2025, 10:44 7341Қазақстанда көпбалалы отбасылар мен аналар қандай жәрдемақы алады22.01.2025, 14:16 7196Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
17.01.2025, 11:51 101126Алматы облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы тағайындалды17.01.2025, 12:03 1008862024 жылы 13,5 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды16.01.2025, 11:53 942612024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 683 мыңнан аса адам қамтылды16.01.2025, 18:45 85286Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті16.01.2025, 18:57 85131Бектенов техникалық мамандарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын кеңейтуді тапсырды
30.12.2024, 17:17 153811Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 147946Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147636Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 147141Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 137066Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті