01.02.2023, 12:34 22006

Авиаотынға монополиялық жоғары баға белгілегені үшін Қарағанды әуежайынан 80 млн теңгеден астам теңге өндірілді

"Сары-Арқа" әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 240 000 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 104 912 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды
Қарағанды. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексеру нәтижелері бойынша "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ-на қатысты 2018-2019 жылдары ішкі әуе желілері бойынша авиаЖЖМ-ге монополиялық жоғары баға белгілеу анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР БҚДА баспасөз қызметі.

Сол себепті, Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Сары-Арқа" әуежайы" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 240 000 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 104 912 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген соң, әуежай 50 240 000 теңге мөлшерінде монополиялық табысты төледі. Соттың ұйғарымы бойынша әкімшілік айыппұл бөліп төленді", - деп хабарлады ведомствода.


Осылайша, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 81 344 912 теңгеге айыппұл өндірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны