26.05.2022, 17:24 13116

Автодилерлер сатып алушыларға қосымша жабдықты таңудың заңсыздығы туралы ескертілді

Автодилерлер сатып алушыларға қосымша жабдықты таңудың заңсыздығы туралы ескертілді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 26 МАМЫР - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автодилерлерге тұтынушыларға қосымша жабдықтарды таңу фактілеріне жол берілмейтіні туралы ескертеді және жеңіл автомобильдерді бастапқы бөлшек саудада өткізу нарығын талдау рәсімінің басталғанын хабарлайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БҚДА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңмен мәжбүрлі ассортиментпен тауарларды сатуға тыйым салынған және тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының ден қою шараларын қабылдауы үшін негіз болып табылады. 
 

Егер аталған әрекеттер осы жабдықты жеткізуші басқа да нарық субъектілеріне залал келтірген немесе залал келтіруі мүмкін болған жағдайда, бұл монополияға қарсы заңнаманы бұзу болып табылады және 200-ден 1500 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа не субъектіні нарықта үстем жағдайға ие тану кезінде монополиялық кірісті тәркілей отырып, табыстың (түсімнің) 3-тен 5%-ға дейінгі мөлшерінде айналым айыппұлына әкеп соғады", - деп түсіндірді БҚДА баспасөз қызметі.

 
Автомобильдерді сату кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу фактілері орын алған жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және монополияға қарсы органдарға жүгінулеріңізді сұрайды.
 
Бұған дейін Алматы прокуратурасында автосалондардың қосымша қызметтерін сатып алушыларға таңудың заңсыздығы туралы ескертілген болатын.

Қазақстанда жеңілдікпен автонесиелеуге өтінімдер қабылдау басталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны