05.08.2022, 15:53 19896

Қазақстан 2024 жылы тауарлық газ тапшылығына тап болады - Qazaq Gaz басшысы

Қазақстан 2024 жылы тауарлық газ тапшылығына тап болады - Qazaq Gaz басшысы
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 5 ТАМЫЗ - Қазақстанда тауарлық газ тапшылығы мәселесі толық шешілмеген, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" алаңында өткен баспасөз мәслихатында Qazaq Gaz ұлттық компаниясының басшысы Санжар Жаркешов, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "QazaqGaz" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жаркешовтың айтуынша, сарапшылар 2023 жылы тауарлық газ тапшылығын болжаған, алайда қабылданған шаралардың арқасында мәселені бір жылға кейінге қалдыруға мүмкіндік туды.
 

Мемлекет басшысы 2023 жылы тауарлық газ тапшылығы орын алуы мүмкін деген болжам айтқан болатын. QazaqGaz командасы ішкі нарықта тауарлық газ тапшылығын бір жылға жылжытуға мүмкіндік берген дағдарысқа қарсы шараларды қабылдады. 2024 жылы сұраныс ұсыныстан асып түседі, газ балансының мәселесі өте өзекті", - деді басқарма төрағасы.

 
Оның айтуынша еліміздегі газ қоры 100 жылға жетеді (3.8 трлн м3). Басты проблема өңдеу қуаттарының жетіспеушілігінде. 
 

Табиғи газ қоры жеткілікті, дәл қазір тауарлық газ тапшылығын айтып отырмыз. Негативті сценариді болдырмау үшін, газ өңдеу қуаттарын арттыру қажет. Баға реформасы да кезек күттірмейтін мәселе, бұл жерде халық пен Үкіметтің қолдауы керек," - деді басқарма төрағасы.

 
Оның айтуынша, келесі жылы көмірден газға ауысатын ірі газ-химия жобалары мен кәсіпорындар есебінен тауарлық газды тұтынудың өсуі күтілуде. Тағы бір себеп - елді белсенді газдандыру.
 

Біз 2024 жылы сұраныс ұсыныстан асып түсетінін көріп отырмыз және ол үшін біз шұғыл шаралар қабылдаймыз, соның ішінде импорт бойынша", - деді Жаркешов.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны