07.04.2022, 15:59 20986

Қазақстан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр

Қазақстан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр
Сурет: depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 7 СӘУІР - Қазақстанда автомобиль көлік құралымен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу мерзімін ұзарту жоспарлануда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Энергетика министрлігі мұнай өнімдері тапшылығының туындауына жол бермеу үшін бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды ұзартуды көздейтін "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрық әзірледі", - делінген хабарламада.

 
Тыйым салу жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) әкетуге және автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген орнатылған бензин бактарында, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына қолданылмайды.

Бұған дейін Энергетика министрі мемлекеттік реттеу жойылғаннан кейін отынның бағасы туралы айтқан болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны