03.10.2024, 13:44 60851

Қазақстан халықаралық нарыққа еурооблигациялар шығарады

Қазақстан халықаралық нарыққа еурооблигациялар шығарады
Еурооблигациялар шығару рәсімі басталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі халықаралық капитал нарықтарында еурооблигациялар шығару рәсімінің басталғаны туралы хабарлайды. Бірінші кезең аясында жаһандық инвесторлармен роуд-шоу өткізіледі, оның мақсаты елдің экономикалық әлеуеті мен негізгі қаржылық көрсеткіштерін көрсету болады. Екінші кезеңде орналастырудың оңтайлы шарттарын айқындауға және Қаржы министрлігі үшін тартымды шығару параметрлерін белгілеуге мүмкіндік беретін қағаздарды прайсингтеу жоспарлануда. Бұл шығарылым әлемдік қаржы нарықтарындағы Қазақстанның ұстанымын нығайту және тұрақты мемлекеттік даму бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны