19.12.2023, 16:06 46746

Қазақстан Индонезияға көмір экспорттамақ

ЕЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімді жасасу бойынша келіссөздердің үшінші раунды аяқталды
Қазақстан Индонезияға көмір экспорттамақ
Сурет: gov.kz
Денпасар қаласында (Индонезия Республикасы) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің үшінші раунды аяқталды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.

Келіссөздердің үшінші раунды шеңберінде тараптар болашақ келісім мәтінінің ережелерін талқылады, сондай-ақ импорттық кедендік баждарды өзара төмендету мақсатында тарифтік ырықтандыруды талқылау бойынша одан әрі жұмысты жалғастырды.

Біз болашақ келісімнің барлық негізгі мәселелері бойынша айтарлықтай ілгерілей алдық. Бұл келісім елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымының айтарлықтай өсуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық экспорттаушылар үшін қосымша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз", - деп Сауда және интеграция министрлігінен қатысқан сарапшылар хабарлайды.


Қазақстан мен Индонезия арасындағы екіжақты сауда белсенді дамып келеді, ал 2023 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 249 млн. АҚШ долл., оның ішінде Қазақстанның Индонезияға экспортына 95,2 млн. АҚШ долл. құрады.

Қазіргі уақытта біз бұрын Қазақстаннан Индонезия аумағына жеткізілмеген көмір сияқты жаңа экспорттық позициялардың пайда болуын байқап отырмыз. Бұдын басқа, дәстүрлі түрде қазақстандық экспорттың негізгі позициялары феррохром, топырақпен жұмыс істеуге арналған жабдықтар, трансмиссиялық біліктер, сондай-ақ басқа да аспаптар мен жабдықтар болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны