28.07.2022, 16:37 20691

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі еседен астам артады

Сондай-ақ, екі ел аумағындағы рейстерге арналған жаңа қалалар қосу туралы келісімге қол жеткізілді.
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны екі еседен астам артады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 28 ШІЛДЕ - Қазақстан мен Түркияның авиациялық билігі елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің санын екі еседен астам, яғни әр тарапта аптасына 40-тан 93 рейске дейін ұлғайтуға келісті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нұр-Сұлтан – Ыстамбұл бағыты бойынша рейстер санын 7-ден 14-ке дейін, Алматы – Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 13-тен 21-ге дейін арттыру, сондай-ақ екі ел аумағындағы рейстерге арналған жаңа қалалар қосу туралы келісімге қол жеткізілді.
 

Бәсекелестікті дамыту және әуе билеттерінің құнын төмендету мақсатында қазақстандық тараптың бастамасымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Ыстамбұл қалалар аралығындағы бағыттарда баламалы екінші әуе тасымалдаушыларын міндетті түрде белгілеу бекітілген, бұл жолаушылар үшін әуе компаниялары арасындағы таңдауды кеңейтеді", - деп хабарлады ведомствода.

 
Елдер арасындағы рейстер санының айтарлықтай артуы ТМД елдерінен Түркияға Қазақстанның әуе тораптары арқылы өсіп келе жатқан транзиттік жолаушылар ағынын қамтамасыз етуге де ықпал етеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны