19.07.2021, 22:43 14137

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

ОПЕК+ аясында Қазақстан үшін квота тамыз айында тәулігіне 1,491 млн баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артады.
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
18 шілдеде ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бейнеконференция форматындағы министрлік отырысы барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлағандай, ОПЕК+ келісімі аясында қабылданған шаралардың арқасында әлемдік мұнай нарығындағы жағдай жақсы жаққа өзгерді. Қазақстан Келісімге қатысушы елдердің ағымдағы өндіру деңгейін арттыруды жақтады.
 
Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін келісімге қатысушылар тәулігіне 5,8 млн баррельге шектеуді алып тастағанға дейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұжымдық арттыру туралы шешім қабылданды.
 
Сонымен бірге, 2021 жылдың желтоқсанында нарықтың жай-күйін және одан әрі мүмкін болатын шараларды талқылау үшін кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.
 

Осылайша, ОПЕК+ аясында Қазақстан үшін квота тамыз айында тәулігіне 1,491 млн баррельді құрайды және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артады", - деп нақтылады Энергетика министрлігінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны