27.08.2024, 14:15 76456

Қазақстан Ресеймен бірлесіп Екібастұз МАЭС-на екі энергоблок салады

Екібастұз МАЭС-2-дегі екі энергоблокты бастан-аяқ салу үшін Ресей-Қазақстан консорциумымен EPC келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметінен.

Қуаты 540 МВт болатын №3 және №4 энергия блоктары салынатын болады

Мәселен, №3 энергоблокты 2028 жылы, ал №4 энергоблокты - 2030 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Құрылыс аяқталғаннан кейін Екібастұз МАЭС-2 жалпы қуаты 2080 МВт құрайтын болады.

Жобаны қаржыландыру өз қаражаты және жеңілдетілген қарыз есебінен жоспарланған.

▪️Биыл тиісті жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны