10.09.2024, 14:15 67171

Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласында Қытаймен күш біріктіруде

Ляньюньган қаласында (ҚХР) ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің “Орталық Азия – Қытай” форматындағы алғашқы кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
 
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан ІІМ және Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің басшылығы қатысты.

Қазақстандық делегацияны ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды.

Отырысқа қатысушылар қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың, трансұлттық қылмыс, экстремизм, есірткінің заңсыз айналымы, киберқылмыс және адам саудасы сияқты заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимылда тәжірибе алмасудың өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның ішкі істер министрі мен Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрі арасында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, онда қызметтің нақты бағыттары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Сапар аясында Ержан Саденов Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаһандық форумының конференциясына қатысты. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының өкілдері бой көрсетті. Қазақстанның ішкі істер министрі әріптестерін қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде одан әрі ведомствоаралық өзара іс-қимылға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ форум аясында Қазақстан ішкі істер министрінің Түркия және Пәкістан ІІМ басшылығымен екіжақты кездесулері өтті.
 

 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны