30.09.2024, 17:30 2151

Қазақстан тағы бір халықаралық теміржол қатынасын іске қосады

Пойыздар биылғы жылдың 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды
Қазақстан тағы бір халықаралық теміржол қатынасын іске қосады
Қазақстанның Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі "Риддер-Новосибирск" халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Пойыздар биылғы жылдың 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Ресей темір жолдары" АҚ қызмет көрсететін №407/408 "Риддер-Новосибирск" халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады. Осылайша Шығыс қазақстандықтардың үндеуі елеусіз қалмады.


Жоғарыда аталған пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биоәжетхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны