27.07.2022, 16:05 12466

Қазақстан тас көмір экспортын едәуір арттырды

Қазақстан тас көмір экспортын едәуір арттырды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 27 ШІЛДЕ - Қазақстан осы жылдың 6 айында 271 млрд теңгенің көмірін өндірді. 
 
Energyprom.kz порталының мәліметінше, осы жылдың қаңтар-маусымында елімізде лигнит (сапасы төмен қоңыр тас көмір) пен көмір концентратын қоса алғанда 57,4 млн тонна тас көмір өндірілді. 
 
Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,9 пайызға жоғары. Ал ақшаға шаққанда 271 млрд теңгені құрады. 
 
Оның ішінде 53 млн тонна тас көмір, 2,6 млн тонна лигнит және 2 млн тонна көмір концентраты алынды. 
 
Өңірлер арасында Павлодар облысы жыл ішінде көмір өндірісі 4,9 пайызға арттырып, 33,9 млн тоннаға жеткізді. 
 
Екінші орында Қарағанды облысы тұр. Өңір бір жылдың ішінде көмір өндірісін 2,3 тоннаға ұлғайтып, 18,4 млн тонна көмір өндірді. 
 
Қазақстан қаңтар-мамыр айларының қорытындысында 344,2 млн долларға 13,7 млн тонна көмір экспорттады. 
 
Бір жыл ішінде нақты мәндегі өсім 21,1, ал ақшаға шаққанда 91,5 пайызды құрады. 
 
Көмірдің басым бөлігі, 9,1 млн тоннасы ТМД елдеріне жөнелтілді. Қазақстан өнімін негізгі импорттаушы Ресей болды. 
 
Бұл ел осы жылдың 5 айында 8,4 млн тонна көмір сатып алды. Сонымен қатар үздік үштікке Қырғызстан мен Беларусь кіреді. 
 
Ал ТМД елдеріне кірмейтін қалған мемлекеттерге 4,6 млн тонна көмір жөнелтілді. 
 
Бұл ретте Швейцария 3,3 млн тонна көмір сатып алды. Одан кейінгі орында Польша мен Кипр тұр.

Сонымен қатар, ИИДМ қазақстандықтарға алдын ала көмір жинауды ұсынады.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны