04.03.2022, 12:33 27721

Қазақстан жүктерді Ресейден Латвия порттарына қайта бағыттайды

Латвия тарапы өз порттарының қуаты мен өткізу қабілетіне қарай қазақстандық жүктерді қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді.
НҰР-СҰЛТАН. 4 НАУРЫЗ - Қазақстан Ресей аумағындағы жүктерді Латвияның Рига, Вэнстпилс және Лиепая порттарына қарай бағдарлайды. Бұл шешімге Латвияның теңіз порттары келісімін берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл келісімдерге 2022 жылғы 3 наурызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев пен Латвияның Байланыс министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рейманис арасында бейне-конференция режимінде кездесуі барысында қол жеткізілді.
 
ҚР ИИДМ вице-министрі Ресей Федерациясы мен Украина төңірегіндегі ахуал жөнінде, Антверпен, Гамбург, Пириней, Роттердам және Мугга порттарының қазақстандық жүктерді қабылдаудан бас тартуына байланысты Ресейдің Санкт-Петербург, Новороссийск, Усть-Луга, Тамань порттары арқылы жүктерді тасымалдау барысында қиындықтар туындап жатқаны туралы айтты. 
 

Латвия тарапы өз порттарының қуаты мен өткізу қабілетіне қарай қазақстандық жүктерді қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді", - деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИИДМ жүк тасымалдары бойынша туындайтын мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдауда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны