08.09.2022, 15:54 22071

Қазақстанда 11,2 млн тонна астық бастырылды

Бүгінгі күні ел бойынша жалпы 9,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды немесе ол жоспардың 57,8% құрайды.
Қазақстанда 11,2 млн тонна астық бастырылды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгінгі күні ел бойынша жалпы 9,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды немесе ол жоспардың 57,8% құрайды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Орталық коммуникациялар қызметінде биылғы жылы қандай өнім жиналатынын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, орташа өнімділік 12 ц/га құрап, 11,2 млн тонна астық бастырылды. 
 

Өңір әкімдіктерінің деректері бойынша дәнді дақылдардың жалпы түсімінің болжамды көлемі 18,3 млн тонна, оның ішінде бидай 13,4 млн тоннадан астам деңгейде болады деп күтіліп отыр. Бұдан басқа, республикада 3,1 млн тонна көлемінде ауыспалы астық қалдығы, оның ішінде 2,5 млн тонна бидай бар. Ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, жалпы астық жинаудың күтілетін көлемі республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету, сондай-ақ экспортқа астықтың белгілі бір көлемін өткізу және тиісінше дәстүрлі нарықтарымызда сауда позицияларын сақтау үшін жеткілікті", - деді Тамабек. 

 
 "Жасыл даму" АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылық техникасын жеңілдікпен несиелендіру тетігі пысықталды. Жеңілдікті лизингке шамамен 40 млрд теңге бағытталды. 2022 жылғы 5 тамыздан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ барлық филиалдарында осы бағдарламаларға қатысуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні 44,7 млрд теңге сомасына 874 өтінім қабылдады. Бұл ретте қаржылық лизинг шарты 345 өтінім бойынша 18,4 млрд теңге сомасына жасалды. 11,9 млрд теңге сомаға 160 өтінім мақұлданды.
 
АШМ деректері бойынша, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.
 
Операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін республика бойынша орташа баға литріне 203 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15-20% арзан. 
 
Биыл "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру сомасы 140 млрд теңгені құрады. "Кең дала" бағдарламасы аясында 111,2 млрд теңге сомасына 3,7 мыңнан астам өтінім қаржыландырылды. 
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, соның арқасында 80 млрд теңгеге 1,137 млн тонна астық жеткізу көлемі бойынша келісімшарт жасалды.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қостанай облысында табиғи өрттің егін жинауға әсері туралы хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:АШМегін

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны