20.09.2022, 18:50 19736

Қазақстанда 17 млн тоннадан астам астық бастырылды

Қазақстанда 17 млн тоннадан астам астық бастырылды
АСТАНА. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгінгі күні республиканың барлық облыстарында егін жинау жұмысы қызу жүріп жатыр. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 13,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы өнімнің 86,3% құрайды. Қазіргі таңда орташа өнімділік гектарына 12,5 центнер кезінде 17,3 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін болсақ, майлы дақылдардың жалпы түсімі 363 мың тоннаны құрады, 3,6 млн тонна көкөніс және 2,1 млн тонна картоп жиналды. Егінді жинау жұмысы жалғасып жатыр.
 
Қазақстанда жалпы сақтау сыйымдылығы 12,8 млн тонна болатын 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Оларды жаңа өнімді қабылдауға дайындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. 
 
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзінің 16,6 млн тонна астыққа есептелген сақтау қоймалары бар. Аталған көлемдердің болжамды түсімін ескерсек, ол орындар жиналған астықты сақтау үшін жеткілікті болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстаннан экспортқа 1 млрд АҚШ долларына 3,3 млн тонна бидай мен меслин жіберілді. Заттай көріністе өсім 3,2%-ды, ал ақшалай көріністе 40,4%-ды құрады. ТМД елдеріне 2,3 млн тонна өнім жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3%-ға артық. Ең көп көлем Өзбекстан (1,5 млн тонна), Тәжікстан (416 мың тонна) және Түркіменстанға (217,9 мың тонна) экспортталды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны