Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы көтеру жоспарлануда
Түзетулер жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Сурет: Depositphotos
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:
- даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге - 36 660 (отыз алты мың алты жүз алпыс) теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге - 58 800 (елу сегіз мың сегіз жүз) теңге;
- жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерге - 58 800 (елу сегіз мың сегіз жүз) теңге;
- интерндерге - 61 660 (алпыс бір мың алты жүз алпыс) теңге;
- магистранттарға - 86 987 (сексен алты мың тоғыз жүз сексен жеті) теңге;
- "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға - 162 500 (бір жүз алпыс екі мың бес жүз) теңге;
- докторанттарға - 195 000 (бір жүз тоқсан бес мың) теңге;
- даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттарға 195 000 (бір жүз тоқсан бес мың) теңге;
- даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша дәрігер-резиденттерге және магистранттарға - 100 036 (жүз мың отыз алты) теңге;
- мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендиядан төмен емес деңгейде;
- техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге - 21 787 (жиырма бір мың жеті жүз сексен жеті) теңге мөлшерінде белгіленеді.
Түзетулер жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.