06.05.2021, 20:56 32409

Қазақстанда 2021 жылы мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесі пайдалануға беріледі

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 бағыт қарастырылған.
НҰР-СҰЛТАН. 6 МАМЫР - Қазақстанда ағымдағы жылы мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі (МЕАЖ) өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі, деп хабарлады Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 бағыт қарастырылған. Министрлік бірінші "Экономика салаларын цифрландыру" бағыты аясында 6 жоба бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл "жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша электрондық аукцион құру"; "мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу" жобасы. Қалған 4 жоба – мұнай-газ кешенінің түрлі ұйымдары. Олардың үшеуі бойынша жұмыстар аяқталды. "KEGOC" АҚ-ның "Қазақстаннның Біріңғай электр энергетикалық жүйесінің режимдерін басқаруды автоматтандыру" жобасын іске асыру жалғасуда. 
 
Аукциондар онлайн режимде өткізіледі, шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен пилоттық жобаны іске қосу туралы бірлескен бұйрық бар. Сонымен қатар, есептеу құралдарымен жабдықтаудың бас схемасы бекітілді.
 

Бүгінде пилоттық режимде 4 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылған. Ағымдағы жылы МОЕАЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда", - деп қорытындылады спикер.

 
Сонымен қатар, Энергетика министрлігінде 2014 жылдан бастап Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі жұмыс істейді, жер қойнауын пайдаланушылар үшін есептілікті ұсыну құралы болып табылады. Сондай-ақ, бұл жүйеде лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуына мониторинг жүзеге асырылады және мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу бойынша жедел ақпарат жиналады.
 
Бүгінгі таңда БМБЖ-да 147 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.
 
Жанат Жахметова министрлік 3 мемлекеттік қызметті автоматтандырғанын еске салды: жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы; көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу (қол қою); көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу (қол қою).
 
Энергетика вице-министрі Жанат Жахметованың айтуынша, аталған жоба аясында ведомствоның кейбір функцияларын автоматтандыру көзделген. Мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жоспары мен кестесі автоматтандырылды, 2018 жылға дейін жасалған қолданыстағы келісімшарттар мен оларға толықтырулар цифрландырылды. Бұл лицензиялық-келісімшарттық шарттар міндеттемелерінің орындалуын мониторингтеуге мүмкіндік береді.
 
Алдағы уақытта есептілікті электрондық форматқа толық көшіру міндеті тұр.
 
Энергетика министрлігі барлығы 23 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде 22-сі - электронды форматта. 2021 жылдың I тоқсанында 737 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 691 - электрондық форматта, 46 - қағаз форматта.
 
Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанның Энергетика министрлігі заңнамаға жылына екі реттен артық барлау және өндіру құқығын беру бойынша электрондық аукциондарды өткізу жиілігін арттыруды көздейтін түзетулерді енгізуді жоспарлап отыр.
 
Барлау және өндіру құқығын беру жөніндегі онлайн аукциондар жүйесін іске қосу туралы 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланды. 23 желтоқсанда алғашқы байқау өтті. Екіншісі 4 айдан кейін ұйымдастырылды. Оның айтуынша, екінші электрондық аукционға 713 млн теңге бастапқы қол қою бонусымен 8 мұнай-газ учаскесі шығарылды. Қол қойылатын бонустың жиынтық сомасы бастапқы бонустан 13 есе асып, 9,3 млрд теңгені құрады. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін мемлекет ұсынатын 8 учаскенің жалпы ауданы 2 мың шаршы шақырымнан асады.
 
Оның айтуынша, екі аукционды өткізу қорытындысы бойынша министрлік аукциондарды өткізу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірледі. Қазіргі кезде заңнамаға мынадай түзетулер - бастапқы қол қою бонустары мөлшеріндегі кепілдік жарна; жеңімпаз бас тартқан жағдайда келесі қатысушыға сатып алу құқығын беру; сондай-ақ жылына 2 рет аукцион өткізуге шектеуді алып тастауды жоспарланып отыр. Бұл бәсекелестікті және аукциондар өткізу жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. 
 
Міндетті түрде айта кететін жайт, аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өту маңызды. Бұл құқық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" Кодексінде реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады. 
 
Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.
 
Аукциондар онлайн және жасырын түрде өткізілетіндіктен, қатысушылар бір-бірін көрмейді. Бұл ақпарат осы аукциондарды өткізуге жетекшілік ететін Энергетика министрлігінің мамандары үшін де қолжетімсіз.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны