05.08.2022, 15:17 16471

Қазақстанда 2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары өседі

Сондай-ақ, сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.
Қазақстанда 2023 жылдан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкалары өседі
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 5 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚР Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес темекі өнімдеріне акциз ставкалары кезең-кезеңімен көтеріледі. Ставкалар 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілген. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Фильтрі бар сигареттер:
 
  • 2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;
  • 2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;
  • 2025 жылы - 15 900 теңге /1000 дана.
 
Сондай-ақ, сигарилларға акциз ставкалары сигареттер ставкаларына теңестірілген.
 
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігін килограмнан данаға өзгерте отырып, сигареттерге акциз ставкасының мөлшерінен 70 пайыз деңгейіндегі акциз ставкасы айқындалды:
 
  • 2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;
  • 2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;
  • 2025 жылы - 11 130 теңге /1000 дана.
 
Одан бөлек, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына өзгерістер енгізілді.
 
Өзгерістерге сәйкес, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка артып:
 
  • 2023 жылы – 53 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2024 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне;
  • 2025 жылы – 55 теңге/сұйықтық миллилитріне құрайды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда сандық таңбалаусыз темекі сатқаны үшін айыппұл салынады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны