19.10.2022, 13:15 11106

Қазақстанда 31 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды

26 агенттіктің жабылуына агенттіктердің өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі негіз болды.
Астана. 19 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылдың басынан бастап коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу мен бақылауды жүзеге асыруы шеңберінде коллекторлық агенттіктердің тізілімінен 31 коллекторлық агенттік шығарылды, деп хабарлайды ҚР ҚНРДА баспасөз қызметі.
 
ҚНРДА-да айтылғандай, тізілімнен шығаруға:
 
  • 26 коллекторлық агенттік бойынша: коллекторлық агенттіктің өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешімі;
  • 5 коллекторлық агенттік бойынша: коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде коллекторлық қызметті жүзеге асырмауы негіз болды.
 

Тізілімнен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап коллекторлық агенттіктерге берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар және (немесе) банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша коллекторлық агенттікке құқықтың (талаптың) өту талаптарын қамтитын шарттар жасасуға тыйым салынады", - деп түсіндірді ведомствода.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны