07.07.2022, 17:26 13816

Қазақстанда қант әкелуге квота белгіленді

Қазақстанда қант әкелуге квота белгіленді
НҰР-СҰЛТАН. 7 ШІЛДЕ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасына қант әкелуге квота белгіледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждарды төлемей, Қазақстан Республикасына 102 377,8 тоннадан аспайтын жиынтық көлемде әкелуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады", - делінген ведомство хабарламасында.

 
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі импортқа өтінімдер қабылдауды жүзеге асыруда:
 
  • бөлінетін квота көлемінің 85%-н өтінім беруші-қант зауыттары арасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек қана ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге;
  • бөлінетін квота көлемінің 15%-н өтінім берушілер арасында құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты ("экстра" санаты) әкелуге.
 
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 8 шілдеде сағат 09.00-де басталады және 14 шілдеде сағат 18.30-да аяқталады.
 
Өтінімдерді қабылдау ережелері туралы толығырақ - мына жерде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны