17.03.2023, 09:48 77456

Қазақстанда банктер депозиттер бойынша өтемақы төлей бастады

Қазақстанда банктер депозиттер бойынша өтемақы төлей бастады
Өтемақыны (сыйлықақыны) есептеу үшін банктерге 306,6 млрд теңге түсті

Астана. 17 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 16 наурызында теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуге арналған қаражат екінші деңгейдегі банктерге келіп түсті, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ).

"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ пен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ақшаларды банктерге аударды. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды. Ал мемлекет тарапынан 10-пайыздық сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрады", - деп хабарлады қор.


Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде (соңғы күнін қоса алғанда 2023-тің 20 наурызына дейін) тиесілі сыйлықақыны өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.

Естеріңізге сала кетейік, банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы - 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың ақпанына дейін қабылдады. Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 10 ақпанында аяқталды. Теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық Банкінің қаражаттары есебінен төленеді. Сыйлықақыны есептеу бойынша толыққанды ақпарат алу үшін салымшылар депозиттері ашылған банктерге жүгінулері тиіс.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны