10.10.2022, 14:52 6576

Қазақстанда бір жылда нан 19%-ға қымбаттады

Қазақстанда бір жылда нан 19%-ға қымбаттады
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Талдаушылардың есептеуі бойынша Қазақстанда нан бағасы жыл ішінде 19%-ға өсті.
 
Energyprom зерттеуінде атап өтілгендей бір жыл ішінде нанның құны 19,4%-ға өсті.
 

Қара бидай нанының бағасы 24,7%-ға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 28,2%-ға, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны 14,4%-ға, кесілген нан бағасы 28,1%-ға өсті", - делінген басылымда.

 
Сарапшылардың пікірінше, нан елдің барлық аймақтарында қымбаттады. Соның ішінде Ұлытау облысында нан бағасы бірден 48,3%-ға, Ақмола облысында 27,6%-ға, Алматыда 25,8%-ға өсті.
 
Energyprom зерттеушілерінің айтуынша, қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда бидай нанын аз тұтынады: 7,2 кг және 7,8 кг.
 

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға аз. Сектордағы шығарылымның төрттен бір бөлігі Түркістан облысына тиесілі болды. Топ-3 өңірде Алматы мен Ақтөбе облысы да болды", - делінген баяндамада.

 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны