09.12.2022, 13:30 23166

Қазақстанда бірнеше тауар биржаларына жарты миллион теңге айыппұл салынды

Бас прокуратура биржаларға қатысты тексеру жүргізген
Қазақстанда бірнеше тауар биржаларына жарты миллион теңге айыппұл салынды
Астана. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бірнеше тауар биржаларына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Бас прокуратура биржаларға қатысты тексеру жүргізген болатын.

Лицензиялау нормаларын бұзу және біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілері бойынша "Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың және мемлекеттік мекемелердің" Тауар биржасы" АҚ, "Еуразиялық тауар биржасы" АҚ, "Жібек жолы" Тауар биржасы" АҚ, "Alan" Тауар биржасы" АҚ (әрі қарай - Тауар биржалары) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғады", - делінген ақпаратта.


Істерді қарау қорытындысы бойынша Тауар биржалары жалпы сомасы 551 340 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданып, жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда тауар биржаларымен айыппұл сомасы толық көлемде өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны