01.09.2022, 16:57 19666

Қазақстанда ЕТЖ деңгейі көтеріледі

Қазақстанда ЕТЖ деңгейі көтеріледі
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақы деңгейін 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді.
 

Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді", - деді ол.

 
Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа дейін төмендетіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны