03.05.2022, 16:12 22506

Қазақстанда халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау үшін ұлттық операторды таңдайды

Конкурстық өтінімдерді және конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 18 мамыр сағат 17:30.
Қазақстанда халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау үшін ұлттық операторды таңдайды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАМЫР - Қазақстанда халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы айқындалады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурс "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына сәйкес өткізіледі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Комитеттің деректері бойынша, ұлттық операторды айқындау қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген.
 
Конкурстық өтінімдерді және конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 18 мамыр сағат 17:30.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны