01.02.2023, 13:28 30711

Қазақстанда инфляция қайтадан жеделдеді

Қазақстанда инфляция қайтадан жеделдеді
Көкөністер айтарлықтай қымбаттады, сондай-ақ күріш, жарма, балық, сүт, ірімшік және басқа да өнімдердің бағасы өсті

Астана. 1 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда бір айлық мәнде тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қаңтарда 1,1% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары - 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% өсті, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Азық-түлік тауарлары арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен.

Қаңтарда қияр - 22,4%, пияз - 16,7%, қызанақ - 8,8%, тәтті бұрыш 6,5% қымбаттады", - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.


Бағаның өсуі күрішке - 2,9%, ұнтақ жармасына, жаңа ауланған немесе салқындатылған балыққа - 1,8%-дан, қара бидай-бидай нанына, жұмыртқаға - 1,7%-дан, сұлы жармасына, шошқа етіне, айранға - әрқайсысына 1,6%-дан, сондай-ақ тауықтың төс етіне, сүтке, тұзды iрiмшiкке, жемістерге, ауыз суға да әрқайсысына 1,4%-дан тіркелді. Құмшекер 1,9% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қаңтарда бағаның ең көп өсуі жуу және тазалау құралдарына байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда кір жуғыш ұнтақ - 3,9%, ағартқыштар - 3,5%, ыдыс жууға арналған құралдар - 3%, кір сабын 2,7% өсті. Тұрмыстық техника бағасы, керісінше, түсті, мәселен, шаңсорғыш - 1,6%, қысқа толқынды пеш - 1,3%, ас үй плитасы 1,1% арзандады", - делінген ақпаратта.


Статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,7% өсті. Бағалардың өсуі нотариус қызметтеріне - 12,6%, күндізгі стационарда емделу - 5,2%, жерлеу бойынша ритуалды қызметке - 4,7%, стоматологиялық қызметтерге 2,5% байқалды.

Коммуналдық қызметтер бойынша, қоқыс шығару тарифтері - 2,8%, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем - 1%, орталықтан жылыту 0,8% өсті, ал тарифтің төмендеуі - су бұру қызметіне байқалды - 0,2%.

gov.kz

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Ақтөбе облысында - 1,7% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі - 0,7% Алматы облысында тіркелді. Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларына ең жоғары өсім Астана және Шымкент қалаларында - әрқайсысы 2,2%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша - Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында әрбіреуінде 1,4%-дан, ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсім Ақтөбе облысында - 2,8%.

2023 жылғы қаңтарда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,2%, ақылы қызметтер 14,2% өсті.

2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда кір сабын - 88,5%, кеңсе тауарлары - 71,4%, пияз - 62,4%, қант - 60,9%, қияр - 55,6%, консервіленген сүт - 46,4%, ұн - 42,8%, макарон өнімдері 42,3% қымбаттады. Жылдық мәнде, керісінше, ақ қауынды қырыққабат арзандады - 26,5%", - делінген ақпаратта.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны