21.11.2022, 17:12 8851

Қазақстанда кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады

Қазақстанда кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады
Астана. 21 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
 

2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген қаулының мәтінінде.

 
Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны