07.02.2023, 13:57 38326

Қазақстанда әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін 13 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда

Ағымдағы жылы, әкімдіктердің деректері бойынша, арзандатылған бидайға жылдық қажеттілік 308 мың тоннаны құрайды
Қазақстанда әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру үшін 13 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда
Сурет: depositphotos
Астана. 7 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру бағытында қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтты. Ведомство басшысының айтуынша, биыл арзандатылған бидайға жылдық қажеттілік 308 мың тоннаны құрайды.

Министрдің айтуынша, "Азық-түлік корпорациясының" сату бағасын ескере отырып, субсидия мөлшері тоннасына 45 мың теңгені құрайды.

Бұл 13,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді талап етеді. Қаржы министрлігіне тиісті бюджеттік өтінім енгізілді. Аталған шаралар өңірлердің ұн тартатын кәсіпорындарын 90 мың теңге белгіленген бағамен бидаймен қамтамасыз етуге және нанды қолжетімді бағамен өндіруге мүмкіндік береді", деді Ербол Қарашөкеев.


Оның пікірінше, екінші маңызды мәселе - көктемгі науқанды оңтайлы мерзімде өткізу. Банк ставкаларының өсуін ескере отырып, "Азық-түлік корпорациясы" форвардтық сатып алуды қаржыландыру үшін қажетті қаражат көлемін бөле алмайды.

Көктемгі науқанды форвардтық сатып алу арқылы қаржыландыру сомасын ұлғайту үшін бюджеттен "Азық-түлік корпорациясының" жарғылық капиталына 70 млрд теңге бөлу ұсынылады", деп қосты ведомство басшысы.


Бұған дейін Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев нан бағасының өсуі туралы түсініктеме берген болатын.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны