30.07.2021, 22:03 17336

Қазақстанда орташа айлық жалақы өсті

НҰР-СҰЛТАН. 30 ШІЛДЕ - 2021 жылғы ІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 251 508 теңгені құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
 

Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 118,6%, ал нақты жалақы индексі 110,4% құрады", - делінген ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

 
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 472,5 мың теңге(орташа республикалық деңгейден 1,9 есе жоғары), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 461,8 мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 356,7 мың теңге (1,4 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 338,6 мың теңге (1,3 есеге сәйкес). 
 

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 145,6 мың теңге және сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша -146,5 мың теңге белгіленді", - деп нақтылады ведомствода.

 
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 398,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,6 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 189,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,5%-ға төмен.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны