15.12.2022, 10:25 32556

Қазақстанда патогендік биоагенттермен жұмыс істейтін мамандарға қосымша төлем енгізіледі

Премьер-Министр тиісті қаулыға қол қойды
Қазақстанда патогендік биоагенттермен жұмыс істейтін мамандарға қосымша төлем енгізіледі
Сурет: Depositphotos
Астана. 15 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулыға түзетулерге қол қойды, оған сәйкес патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істейтін қызметкерлерге жалақыға қосымша ақы көзделген, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 4-тармағында көзделген қызметкерлерді қоспағанда, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына берілетін бір ЛА (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, ЛА (тарифтік мөлшерлеме), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады", - делінген құжатта.


Қосымша ақының келесі мөлшері белгіленді:

  • Алапес қоздырғыштарымен жұмыс істегені үшін - БЛА-дан 140%;

  • Аса қауіпті инфекциялық ауруларды тудыратын патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін) - ЛА-дан 50%;

  • Инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды тудыратын патогендігі II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияларды орындағаны үшін) - ЛА-дан 35%.

Қаулы 2022 жылғы 25 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында Қазақстанда биоқауіпсіздік туралы заң қабылданды.

Сондай-ақ, Путин Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында ғылыми-зерттеу зертханасын құруды ұсынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны