11.01.2022, 11:32 36061

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан бизнеске келтірілген шығын көлемі 95 млрд теңгеден асты

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан бизнеске келтірілген шығын көлемі 95 млрд теңгеден асты
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАҢТАР - 11 қаңтардағы жағдай бойынша бизнеске келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен алғанда 95,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде Алматыда - 93,8 млрд теңге, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елдің 9 өңірінде 1 709 нысанда орналасқан 1 528 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1 578 нысанда орналасқан 1 408 субъект, деп хабарлады "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі.
 

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1 448; қоғамдық тамақтану – 32; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ – 2", - деп нақтылады палатада.

 
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ұлттық палатаның байланыс орталығына 3 507 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1 669, форс-мажор – 138, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 11, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1 671.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны