06.09.2022, 14:15 10061

Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты төлем мөлшері ұлғайтылады

Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты төлем мөлшері ұлғайтылады
НҰР-СҰЛТАН. 6 ҚЫРКҮЙЕК - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлем мөлшері орта есеппен 13%-ға ұлғайтылатын болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу үшін табысты алмастыру коэффициентін 40-тан 45%-ға дейін арттыру көзделген. Нәтижесінде, осы төлемдердің мөлшері орта есеппен 13%-ға ұлғайтылады.
 

Жұмыс берушілердің МӘСҚ-ке олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері өзгеріссіз қалады", - деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

 
Сонымен бірге аталған құжатта табысты жоғалту бойынша әлеуметтік тәуекелдердің барлық 6 түрі бойынша (жұмысынан айырылу; еңбекке қабілеттілігінен айырылу; асыраушысынан айырылу; жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу; бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу) жұмыспен қамтылған халықты міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту көзделген.
 
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жұмысшылардың келесі санаттарын қосу ұсынылады: 
 
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар;

  • интернет-платформалар мен платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшалары арқылы қызмет көрсететін жеке тұлғалар. Бұл ретте интернет-платформа операторы жеке тұлға үшін шарт бойынша алынған табыстың 1% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар жүргізетін болады.
 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылып және жұмыссыз ретінде тіркелгендер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты жұмысынан айырылу бойынша 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер алады. Бұл төлем жоғалған табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
 
Ведомствода еске салғандай, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылатынын және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналғанын естеріңізге сала кетейік. Сондықтан да әлеуметтік төлем құқығы жұмыстан босатылған адам жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап пайда болады.
 
Қазақстанда зейнетақы төлемдері өседі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны