17.08.2021, 19:18 23825

Қазақстанда жарты жылға азық шығаруға тыйым салынды

Алты айға Қазақстан Республикасының аумағынан мынадай тауарларды: пішен, сүрлем, тұқымдық сұлы және басқа да сұлы, тұқымдық қарабидай және басқа да қарабидай тауарларды әкетуге тыйым салынды.
НҰР-СҰЛТАН. 17 ТАМЫЗ - Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. және Қаржы министрі "Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы" бірлескен бұйрықты қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, алты айға Қазақстан Республикасының аумағынан мынадай тауарларды: пішен, сүрлем, тұқымдық сұлы және басқа да сұлы, тұқымдық қарабидай және басқа да қарабидай тауарларды әкетуге тыйым салынды.
 
Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктеледі. 
 
Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік: ағымдағы жылы құрғақшылық салдарынан ауыл шаруашылығы малдары үшін жем-шөп дайындау қиындай түсті. Сонымен қатар, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында малдың жаппай қырылуы тіркелді.
 
Азық дайындау мәселелерін жедел шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді.
 
Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығы министрлігі олар құрғақшылыққа дайын болмағандықтарын мойындады, бірақ бұл күтілген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны