14.12.2022, 09:54 23406

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрі қолданылатын болады

Заң жобасы жақын арада қабылданады
Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрі қолданылатын болады
Сурет: Depositphotos
Астана. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Жамаубаев Үкімет отырысы барысында жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілеттігін қалпына қалпына келтіру туралы заңнаманың қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 

Бүгінгі таңда заң жобасы Парламентте талқыланып жатыр. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімдерінің мынадай 3 түрі қолданылатын болады: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі", - деді Е. Жамаубаев.

 
Оның айтуынша, өтініштерді өңдеу процесін автоматтандыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
 

Барлық қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қысқа мерзімде қабылданатын болады", - деді ол.

 
Мемлекет басшысының қалған тапсырмалары бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді жұмыс жүргізіледі.
 

Бүгінде проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Миллионнан астам адам өз міндеттемелерін төлей алмайды. Олардың көпшілігі үмітсіздікке жетіп, ескілерін өтеу үшін жаңа несиелер алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы" Заң іске қосылуы тиіс", - деп атап өтті Президент.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны