06.08.2021, 19:55 15728

Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға арналған электрондық аукциондар өткізу ережелері өзгереді

2021 жылғы 23 сәуірде өткен екінші аукционның қорытындысы бойынша бюджетке түскен 10 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы сомасы шамамен 9,3 млрд теңгені құрады.
НҰР-СҰЛТАН. 6 ТАМЫЗ - ҚР Энергетика министрлігі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекске өзгерістер енгізуге бастамашылық етеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Екі электрондық аукцион өткізу нәтижесінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекске электрондық аукцион өткізу бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады, атап айтқанда: 
 
- қол қою бонусының бастапқы мөлшерінен кем емес мөлшерде аукционға қатысушылардың кепілдік жарнаны енгізуі; 
 
- аукцион жеңімпазы қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін төлемеген жағдайда, екінші қатысушыны аукцион жеңімпазы деп тану; 
 
- жылына 2 реттен артық емес аукцион өткізуге шектеуді алып тастау мәселесі пысықталуда. 
 

Өзгерістер көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукциондар өткізудің ашықтығын жақсартуға бағытталған", - деді Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев.

 
2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап тәуелсіздік жылдарында Министрлік алғаш рет жер қойнауын пайдалануға электрондық аукцион өткізуді ұйымдастырды. Аукцион арқылы жерді иелену емес, уақытша жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өткен жөн. Бұл құқық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекспен реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы жер қойнауын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралатын болады. 
 
2021 жылғы 23 сәуірде өткен екінші аукционның қорытындысы бойынша бюджетке түскен 10 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы сомасы шамамен 9,3 млрд теңгені құрады және бүгінгі күні барлық объектілер бойынша келісімшарттар жасалды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны