16.03.2021, 18:00 9830

Қазақстандық кәсіпкерлерді арнайы QR-код арқылы сәйкестендіретін болады

"Шолып тексеру" пилоттық жобасы көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және салық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Нұр-Сұлтан. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстандық кәсіпкерлерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан алуға болатын арнайы QR-код арқылы сәйкестендіретін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитетіне сілтеме жасап.
 
Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлағандай, "Шолып тексеру" пилоттық жобасы көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және салық мәдениетін арттыруға бағытталған. Пилоттық жобаны 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
 

Жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың (ашық базарларды есептемегенде) аумағында ҚР-да көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz) "Ақпараттық ресурстар" қосымша бетінде штрих-кодты (QR-кодты) алуы тиіс", - деп түсіндірді МКК-де.

 
Сәйкестендіргіш кәсіпкер туралы мәліметтерді (ЖСН/БСН, атауы, бақылау-касса машинасының орналасқан жерінің мекенжайы, салық төлеушінің мәртебесі, алкоголь өніміне лицензияның болуы) қамтиды. Бұл сатып алушылардың кәсіпкерді сәйкестендіруі үшін қажет.
 

Мысалы, фискалды чек берілмеген, тауарлар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартылған, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда сатып алушы ұялы телефонының көмегімен QR-код арқылы есептелген пилоттық жобаға қатысушы туралы деректерді пайдалана отырып, Мемлекеттік кірістер органдарына шағым жолдауға құқылы", - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде.

 
Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары бейне тіркеу және (немесе) фотофиксация құралдарын қолдана отырып жіберілген шағымдар бойынша ғана шолып тексерулі жүргізеді.
 
Бұл ретте, шолып тексеруді жүргізу туралы шешімде көрсетілген шолып тексеруді жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын Мемлекеттік кірістер органдарының Интернет-ресурсында аталған шешім орналастырылады.
 
Шолып тексеру жүргізу арқылы салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаның жүргізілу тәртібімен http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021928 сілтемесі бойынша толығырақ танысуға болады (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 1232 бұйрығы).
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ШОБQR-код

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны