09.11.2021, 19:08 36410

Қазақстандық кәсіпорындардың еңбекақы төлеу бойынша берешегі жыл басынан бері 5 млрд теңгеден асты

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады.
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАРАША - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 847 кәсіпорнында 21,9 мың жұмыскердің алдында 5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
 
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 118,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
 

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,6 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4,9 млрд теңге төленді", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны