18.03.2021, 17:45 20453

Қазақстандықтар бір жыл ішінде 35,3 трлн теңгеге қолма-қол ақшасыз операциялар жүргізді

Жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз операциялары көлемінде онлайн операциялардың үлесі 81%-ға дейін өсті.
Нұр-Сұлтан. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз операциялары көлемінде онлайн операциялардың үлесі 81%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2020 жылы қазақстандық банктердің карточка иегерлері 35,3 триллион теңгеге 3 миллиардқа жуық қолма-қол ақшасыз операция жасады. Бұл көлемнің 81%-ы онлайн-операциялар – интернеттегі төлемдер мен мобильді банкингке тиесілі", - деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінде.

 
Бұл ретте айтарлықтай өсім карантиндік шектеулерге байланысты қалыптасып отыр. Қолма-қол ақшасыз жасалған транзакциялардың жалпы санындағы онлайн-транзакциялардың үлесі 2020 жылдың соңында 66% -ды құрады, ал 2020 жылдың басында ол тек 46% болды.
 

2020 жылдың қорытындысы бойынша, мобильді және интернет-банкингті белсенді пайдаланушылар саны 82%-ға артып, 14 миллионды құрады. Жалпы, осы қызметтерді қолданушылардың саны бір жыл ішінде 46%-ға өсті", - деп хабарлады ҚР ҰБ.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны