25.05.2022, 17:58 12201

Қазақстандық әуе компаниялар жолаушыларды "қара тізімге" енгізе алады

Қазақстандық әуе компаниялар жолаушыларды "қара тізімге" енгізе алады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 25 МАМЫР - Қазақстандық әуе компанияларға сот шешімінсіз азаматтарды "қара тізімге" енгізуге тыйым салынады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деп мәлімдеді.
 

Авиакомпанияда әуе тасымалы бойынша шектеу енгізілген тұлғалар тізімі болады. Алайда азаматтар мұндай тізімге ұшақ бортында құқықбұзушылық жасап, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда ғана кіре алады", - деді ол.

 
Индустрия министрлігі басшысының мәліметінше, биыл төрт айда ұшақ бортында 600-ден астам құқықбұзушылық анықталды. Ал былтыр 869 факті тіркелген.
 

Ұшақтағы ең көп кездесетін бұзушылық - жолаушылардың темекі шегуі. Әрине, оларға ескерту жасалады. Бұл жерде біз ірі құқықбұзушылықтар туралы айтып отырмыз. Былтыр пандемияға байланысты 800-ден астам бұзушылық болды. Жолаушылар карантиндік шектеу, маска режимін бұза бастады. Жылына 420-430 бұзушылық болады", - деп жауап берді Қайырбек Өскенбаев.

 
Сондай-ақ, министр заң жобасында "әділ мәдениет" (Just сulture) ұғымын енгізу көзделгенін хабарлады. Оның негізгі қағидаты - азаматтық авиация саласындағы қасақана бұзушылықтарға төзбеу.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны