16.02.2022, 17:31 31566

Қазақстанның Даму Банкі басқармасының төрағасы сайланды

Қазақстанның Даму Банкі басқармасының төрағасы сайланды
Сурет: baiterek.gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 16 АҚПАН - Жалғыз акционері болып табылатын "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның шешімімен Руслан Викторович Искаков ағымдағы жылдың 16 ақпанынан бастап "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Осы уақытқа дейін ол Холдингтің еншілес ұйымы – "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-ны басқарып келді.
 
ҚДБ ұжымына жаңа басшысын "Бәйтерек" холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев таныстырды.
 

Руслан Викторовичтің қаржы ұйымдарындағы жұмыс тәжірибесі 18 жылдан асады, оның алты жылы бойы КаzakhExport-ты басқарып, жемісті еңбек етті. Бүгіннен бастап ол Қазақстанның Даму Банкінің басшысы болып тағайындалды. Бұл меритократия қағидатының көрінісі екенін айтқым келеді, яғни банк нарығында және біздің Холдинг ішінде табысты жұмыс істеген адам бүгінде ең жоғары позициялардың біріне жетті. Сіздер оған қолдау көрсетіп, бірлесе кооперация режимінде сәтті жұмыс істейтіндеріңізге сенемін", - деп атап өтті Қ. Шарлапаев ҚДБ ұжымына арнаған сөзінде.

 
Руслан Искаков 1980 жылы туған. 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітіріп, экономист-менеджер біліктілігіне ие болды.
 
2004-2006 жылдары "Казкоммерцбанк" АҚ Тәуекел менеджменті департаментінің қызметкері болып жұмыс істеді.
 
2006-2008 жылдары – "Казкоммерцбанк" АҚ Тәуекел менеджменті департаменті Жобалық тәуекелдерді талдау басқармасының бастығы.
 
2010-2011 жылдары – "Сбербанк России" АҚ ЕБ АФ Корпоративтік клиенттер бөлімінің бастығы.
 
2011-2014 жылдары – "Сбербанк России" АҚ ЕБ Ірі клиенттер департаменті директорының орынбасары.
 
2014-2015 жылдары – "ҚазЭкспортГарант" СК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
 
2016 жылдың ақпан айынан бастап "KazakhExport" ЭСК" АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарды.
 
Сонымен қатар, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, "Baiterek Venture Fund" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті ретінде ақы төленбейтін қызметтерді атқарады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны