31.03.2022, 17:19 17121

Қазақстанның ЕО елдерімен өзара саудасы бір жылда 70%-ға өсті

Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда $6,0 млрд құрады.
НҰР-СҰЛТАН. 31 НАУРЫЗ - Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда $6,0 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,9%-ға жоғары ($3,5 млрд), деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2022 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстаннан ЕО елдеріне экспорт 84,4%-ға өсіп, $5,2 млрд құрады. 2022 жылғы қаңтар-ақпанда ЕО елдерінен Қазақстанға импорт 14%-ға өсіп, $767,5 млн құрады.
 

ЕО елдеріне экспорттың өсуі мынадай тауарларды жеткізудің артуына негізделген: шикі мұнай - 81,2%-ға ($4,6 млрд), ферроқорытпалар - 2,5 есе немесе ($96,3 млн дейін), өңделмеген алюминий - 2,5 есе ($58,0 млн дейін), бидай - 13,2 есе ($ 31,7 млн дейін), мұнай өнімдері - 40,4% ($94,6 млн дейін), табиғи газ - өсім 4,3 есе ($35,5 млн дейін)", - деп хабарлады ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

 
ЕО елдерінен Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары: бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар; вакциналар, қан сарысулары, қан; турбореактивтік және турбовинттік қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналары; ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер; есептеу машиналары; құбырларға арналған арматура; телефон аппараттары; өзге де қара металдардан жасалған бұйымдар болып табылады.
 
Қазақстанның ЕАЭО бойынша әріптестермен өзара саудасы 37,5%-ға өсті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны