14.07.2022, 16:46 21471

Қазақстанның резервтері жыл басынан бері шамамен 6 млрд долларға қысқарды - Пірматов

Қазақстанның резервтері жыл басынан бері шамамен 6 млрд долларға қысқарды - Пірматов
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - Қазақстанның резервтері осы жылдың соңғы 6 айында 5,8 миллиард доллардан айырылды, деп мәлімдеді бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматов, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Ұлттық қордың активтері маусым айының соңында 51,9 млрд долларды құрап, жыл басынан бері 3,4 млрд долларға төмендеді. Республикалық бюджетке 6 айда 2,4 трлн теңге сомасында трансферттер бөлу үшін 2,7 млрд долларға валюталық активтер сатылды", - деп хабарлады Пірматов.

 
Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері валюталық интервенцияларға, екінші деңгейдегі банктердің шоттарындағы қалдықтардың қысқаруына және сыртқы борыш бойынша төлемдерге байланысты жыл басынан бері 2,4 млрд долларға төмендеп, 32 млрд долларды құрады.
 
2022 жылдың басынан бері Қазақстанның резервтері 5,8 млрд долларды жоғалтты.
 
Ұлттық Банк басшысы теңге бағамының ауытқу себептері туралы да айтты. Оның айтуынша, айырбас бағамына геосаяси тәуекелдер мен рубль бағамының жоғары құбылмалылығы қысым көрсеткен.
 

Бұл жағдайда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және теңге бағамының тұрақсыздандыратын ауытқуын болдырмау мақсатында валюта нарығын теңдестіру бойынша шаралар қабылданды. Ұлттық Банктің нүктелік валюталық интервенциялары дағдарыс кезеңінде валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етті", - деді Пірматов.

 
Ұлттық банктің болжамы бойынша, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасының өсуі баяулайды, бірақ ұзақ мерзімді әлеуетті деңгейлерге жақын қалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны