21.12.2022, 08:56 32911

Қазатомөнеркәсіп Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы уран жеткізуді жүзеге асырды

Уранды қамтитын жүк Канада портына сәтті жетіп келді
Қазатомөнеркәсіп Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы уран жеткізуді жүзеге асырды
Сурет: ?азатом?нерк?сіп
Астана. 21 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы Канадаға табиғи уран физикалық жеткізілімін жүзеге асырды, деп хабарлайды "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.

Компания қандай да бір себептермен негізгі маршруттың қолжетімсіздігінің ықтимал тәуекелін жою мақсатында 2018 жылдан бері өз өнімін Батыс нарықтарына жеткізу үшін ТХКБ-ны балама бағыт ретінде табысты пайдаланып келеді", - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.


2022 жылғы 3-тоқсандағы Компания қызметінің операциялық нәтижелерінде бұрын хабарланғандай, 2022 жылғы 26 қазандағы жағдай бойынша Қазатомөнеркәсіпке тиесілі жүктің бір бөлігі Поти портына жеткізіліп, сол жерде шоғырландыру және соңғы межелі пунктке одан әрі тасымалдау мақсатында чартерлік кемеге тиеу үшін "Инкай" БК" ЖШС-тің қосымша материалының келуін күтті. Қазатомөнеркәсіпке тиесілі уранды да, "Инкай" БК" ЖШС-ке тиесілі уранды да қамтитын жүк Канада портына сәтті жетіп келді.

Қазатомөнеркәсіп Ресейге қарсы санкциялар байланысты жағдайды және олардың дайын өнімді Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдауға ықтимал әсерін бақылауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша Компанияның клиенттеріне дайын өнімді жеткізуіне байланысты ешқандай шектеулер байқалмайды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.


Бұған дейін Қытайдың атом электр станциялары үшін қазақстандық ядролық отын жеткізілгені туралы хабарланған болатын.

Қазатомөнеркәсіп 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны