14.06.2022, 16:46 21841

Ажар Ғиният: Қазақстан дәрі-дәрмек импортына тәуелді болып қалуда

Қазақстандағы фармацевтикалық өндіріс елдің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігінің 24%-ын ғана қамтамасыз етеді.
Ажар Ғиният: Қазақстан дәрі-дәрмек импортына тәуелді болып қалуда
НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - Қазақстандағы фармацевтикалық өндіріс елдің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілігінің 24%-ын ғана қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұл ретте Қазақстан дәрілік заттарды өндіруге арналған технологиялар мен компоненттердің, сондай-ақ фармацевтикалық препараттар мен субстанциялардың импортына тәуелді болып қалуда. Бұдан басқа фармацевтика саласындағы отандық ғылым мен білімнің әлеуеті мен қаржыландыру мәселелері төмен деңгейде", — деді Ажар Ғиният.


Сала проблемаларын жедел шешу үшін министрлік медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелерін үйлестіру кеңесін құрады, оның құрамына мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері кіреді.
 
Сондай-ақ министрлік инновацияға, өндірістерді оқшаулауға, фармацевтика саласына шетелдік инвестицияларды тартуға баса назар аударып, оффтейк-келісімшарттарды қайта қарау жұмысын жүргізуде.
 

Отандық тауар өндірушілердің 50% үлесіне қол жеткізу үшін мынадай шаралар қабылдануда: ұзақ мерзімді шарттарда акцентті, яғни қолдауды, медициналық бұйымдардан дәрілік заттарға ауыстыру; Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді шарттар жобаларын іске асыру; R&D орталықтарын құру; ұзақ мерзімді шарт жасау мақсатында оригиналды препараттарды оқшаулау; қымбат тұратын инновациялық препараттарға ұзақ мерзімді шарттар жасау; ұзақ мерзімді шарттардың талаптарын, оның ішінде ұзақ мерзімді шарттарды бұзу шараларын қатаңдату", - деді Ғиният. 

 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, 2021 жылы фармацевтика өнеркәсібі оң серпіна көрсетті. 
 

Бұл ретте фармацевтикалық өнімнің көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 124%-ды құрайды", - деді министр.

 
Сонымен қатар салада мынадай проблемалар бар:
 
1) отандық тауар өндірушілердің генерикалық препараттары төмен рентабелді болып табылады;
 
2) ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар айналымының рәсімдері шектелген;
 
3) ҚР фармацевтикалық субстанциялар өндірісі жоқ және дайын өнім экспортының деңгейі төмен;
 
4) фармацевтикалық өндірістің арнайы бейінді мамандары өте аз;
 
5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жаңа әзірлемелерін қаржыландыру механизмі жоқ;
 
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісін іске қосу үшін бастапқы шығындардың жоғары болуы.
 
Қазақстанның фарминдустриясына BigPharma-дан 17 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны