28.02.2023, 10:39 13761

"ҚазТрансОйл" Германияға алғашқы мұнай партиясын жіберді

"ҚазТрансОйл" бұған дейін 2023 жылы осы құрлық бағыты бойынша 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауға өтінім жолдаған болатын
"ҚазТрансОйл" Германияға алғашқы мұнай партиясын жіберді
Сурет: t.me/samrukazynaofficial
Астана. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - "ҚазТрансОйл "компаниясы 20 мың тонна қазақстандық мұнайдың ресейлік "Транснефть "магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне тапсырылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" қоры.
 
ҚазТрансОйл АҚ Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінен 2023-ші жылдың I тоқсанында "Транснефть" ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы "Адамова застава" мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады.
 

Бұл жөнінде РФ Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын РФ аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған. Мұнайдың аталмыш транзиті ҚР мен РФ Үкіметтері арасында 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады", - деп қосты баспасөз қызметі.

 
Еске сала кетейік, 23 ақпанда "ҚазТрансОйл" қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдау үшін магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне қабылдауды бастады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны