18.01.2022, 17:54 30126

БҚДА "Яндекс таксинің" қызметін тексеруде

БҚДА "Яндекс таксинің" қызметін тексеруде
НҰР-СҰЛТАН. 18 ҚАҢТАР - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында "Яндекс такси" агрегаторына қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасын көтеру фактілерін жедел анықтау және жолын кесу мақсатында хабарламалар қабылдау үшін жедел желі құрылды, деп еске салды ол.
 
Жұманғарин жедел желі арқылы алынған шағымдар аясында Агенттік "Яндекс такси" агрегаторына қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша тергеуді бастағанын айтты.
 

Бүгінгі таңда Агенттіктің сенім телефонына 2000-нан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде қоңыраулардың 50%-ға жуығы Алматы қаласының тұрғындарынан, 30%-ы елордамыздан, 20%-ы басқа өңірлерден келіп түсті. Бұл ретте, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның асып кету фактілері бойынша – 70% көрсетті", — деді С. Жұманғарин.

 
Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу мақсатында Агенттік мынадай жедел шаралар қабылдауда:
 
- бағаны ұстап тұру және 10%-ға дейін сауда үстемесін белгілеу бөлігінде өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 189 актісі жасалды; 
 
- биылғы 5 қаңтардан бастап күн сайын өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық позициялары бойынша бағаларға мониторинг жүргізіледі. 
 
Бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер және үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерімен: 
 
- тауық жұмыртқасын өндірушілерге қатысты 6 тергеу; 
 
- қант бойынша 1 тергеу; 
 
- тауық еті бойынша 1 тергеу, жалпы 8 тергеу жүргізілуде.
 
Сонымен қатар, мұнай, жанар-жағармай және сұйытылған газ нарықтарына тоқталсақ, дизель отыны нарығында бөлшек сауда субъектілеріне қатысты 12 тергеу жүргізілуде.
 
Жұманғарин атап өткендей, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" тапсырмасына сәйкес 180 күнге уақытша негізде шекті бағалар белгіленді: 
 
- Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге; 
 
- Агенттік сұйытылған мұнай газына (автогазға) әкімшілік бірліктердің қашықтығын ескере отырып: батыста – 50 тг, оңтүстікте – 60 тг, солтүстік-шығыста – 60-70 тг бағасын орнатты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны