01.03.2023, 14:27 37326

ҚДКБҚ сәуір айындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді бекітті

ҚДКБҚ сәуір айындағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді бекітті
Екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттері бойынша басқа мөлшерлемелерді белгілеуге құқылы

Астана. 1 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ағымдағы жылдың сәуіріне шекті сыйақы мөлшерлемелерін сақтады, деп хабарлайды ҚДКБҚ баспасөз қызметі.

Теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың сәуіріне қарасты шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және наурыздағы мәндік деңгейінде сақталды. Ұлттық Банк 2023 жылдың 27 ақпанында базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруына байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) осындай шешім қабылдады", - деп атап өтті қорда.


ҚДКБҚ екінші деңгейдегі банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы өз бетімен шешім қабылдайтындығына назар аударады. Осыған байланысты банктер өзінің өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға іштей баға бере отырып, өзінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін.

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелерімен мына кестеден танысып шығуға болады:

kdif.kz

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалды. Болжам бойынша, биыл базалық сценарийде жылдық инфляция 9-12%, 2024 жылы - 6-8%, 2025 жылы - 4-6% шегінде қалыптасады. Өткен жылғы жоғары база әсерінен жылдық инфляцияның шарықтау шегі 2023 жылдың I тоқсанында күтілуде.

Ақпан айында инфляция 1,3% құрады. Өткен айда азық-түлік тауарлары - 1,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,8%, ақылы қызметтер 1,3% өсті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны