30.07.2021, 20:57 15929

ҚДКБҚ қыркүйек айына тиесілі қысқа мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтерді

Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін 3 және 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемелер 0,3 п.т. көтерілді.
АЛМАТЫ. 30 ШІЛДЕ - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қыркүйек айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Банктердің нарықтық мөлшерлемелерінің орташа деңгейінің төмендеуіне байланысты мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер алдыңғы деңгейде сақталынып қалды. Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін 3 және 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемелер 0,3 п.т. көтерілді, бұл депозиттердің осы түрлерінің тартымдылығының артуы тенденциясын ескере отырып, банктердің нарықтық мөлшерлемелері бойынша ықтимал жауабына сәйкес келеді", - деп хабарлады қорда.

 
Сонымен қатар, қысқа мерзімді депозиттер бойынша (3, 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелердің жоғарылауы тұрақты қаржыландырудың өсуіне түрткі болады және ашылған депозиттерді қайта рәсімдеу мүмкіндігінің болуына байланысты несиелендіруге кері әсерін тегістеуге ықпал етеді.
 
Нарыққа тәуелді ұзақ мерзімді депозиттер бойынша (12, 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны